скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

17.06.2017 г.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ халыққа мемлекеттік қызмет көрсету орындарында болды. Кездесу Шымкент қалалық мамандандырылған  Халыққа қызмет көрсету орталығында өтті. 

Кездесулердің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы азаматтарды қажетті біліммен қамтамасыз ету, сонымен қатар, халықпен байланыс арналарын құру.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан 354 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Қызмет алушыларды ақпараттандыру мақсатында memkyzmet.kz сайтында әр көрсетілетін мемлекеттік қызметке қажетті құжаттардың тізімі берілген.

Осындай ақпаратты мобильді қосымша арқылы кез-келген азамат ала алады.

Әкімшілік кедергілерге немесе заңдылықтардың бұзылуына байланысты фактілермен кездескен жағдайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің сенім телефонына 8(7252)51-51-51 немесе memkyzmet.kz сервистік сайтының «Сұрақтар мен ұсыныстар» айдарында шағымдар мен ұсыныстар қалдыруға болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы