скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

14.06.2017 г.

СПОРТ МЕКТЕБІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналға кешенді жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, облыстық сот және ҮЕҰ «Үміт» бірлескен жұмыстарын бастады.

2017 жылдың 14 маусым күні Департаменттің бас маманы А.Қапалбаева және облыстық әкімшілік соттың өкілі А.Мұсаев облыстық спорт мектебі қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ іс» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар, сот кабинетін дәріптеу.

Іс-шарада департаменттің бас маманы А.Қапалбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу барысы туралы айтып өтті.

  Облыстық соттың өкілі А.Мұсаев сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен тікелей байланысты төмендету, халық арасында сот кабинетін дәріптеу бойынша сот органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Сондай-ақ,  кездесу барысында арнайы дайындалған тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға «Егер Сізден пара талап етсе?» және «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» атты ақпараттық жадынамалар таратылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы