скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.06.2017 г.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АТТЕСТАТТАУДАН ӨТТІ

2017 жылдың 19 маусым күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) басшысы Ә.Көмекбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыста мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудың қорытындысы бойынша брифинг берді.

Әли Амантайұлы Елбасының «100 нақты қадам» ұлт Жоспарында мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыру мәселесі ерекше орын алатындығын атап өтті..   

 Ұлт жоспарының бір қадамы бұл - елімізде алғаш рет өткізілген кешенді аттестаттау.

Кешенді аттестаттау дейтін себебіміз, бұл мемлекеттік қызметшілерді жай ғана сынақтан өткізу емес. 

Аттестаттау кезінде бұрын-соңды мемлекеттік қызметте болмаған үдеріс – мемлекеттік қызметшінің құзіреттілік қасиеттері сыналады.

Қызметшілердің қызметті тұтынушыларға бағдарларлану, қызметті тұтынушыларға хабарландыру, қызметті басқару, ынтымақтастық, шешім қабылдау, жеделділік, өздігінен даму, адалдық, жауапкершілік, бастамашылдық және стресске орнықтылық сияқты құзыреттері бойынша бағалау тестілеу арқылы жүргізілді.

Осылардың негізінде қызметшілердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігі, олардың кәсіби біліктілік деңгейі мен әлеуеттері анықталды.

Қазіргі таңда облысымызда «Б» корпусы әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестаттауы аяқталуда.

Жалпы өңірімізде аттестаттау өз деңгейінде өткізілді деп айта аламыз.

Облыста 8700 мемлекеттік әкімшілік қызметшінің аттестаттауға жатқызылған 6483-і кешенді аттестаттаудан өтті.

Сонымен қатар, түрлі себептермен (денсаулығына байланысты, оқу демалысында, іссапарда болуына және т.б.) аттестаттаудан өтпеген 17 қызметші жыл соңына дейінгі мерзімде өткізіледі.

Облыста аттестаттаудың тестілеу сатысынан өткен мемлекеттік қызметші ішінде: «өте жақсы» нәтиже алғандары – 1766 (27,2%), «тиімді» - 4482 (69,1%), «қанағаттанарлық» - 222 (3,4%), «ең төмен» - 13 (0,2%).

Бұл үшін облыста барлығы 63 комиссия құрылып, өздеріне жүктелген жұмысты жақсы атқарып шықты.

Нәтижесінде, аттестаттау нәтижесі облыстағы қызметшілердің бастамашылдық, тұтынушыларды хабарландыру және стресске орнықтылық құзыреттері неғұрлым жоғары екенін көрсетті.

Ал, ынтымақтастық, адалдық және жауапкершілік құзыреттерінің төмен екені анықталды.  

Сонымен қатар, Ә.Көмекбаев аттестаттау нәтижесіне тоқталды.

Аттестаттау барысында ең үлкен жүк ОҚО әкімі аппараты мен Мемлекеттік кірістер департаментіне артылды. Себебі, ОҚО әкімі аппаратының бірыңғай аттестаттау комиссиясында 946, ал Мемлекеттік кірістер департаментінде 748 қызметші аттестаттаудан өтті.

Қазіргі таңда аттестаттаудың әңгімелесу кезеңінен 6483. Оның ішінде, аттестаттауды оң нәтижемен аяқтап, 239 (3,7%) қызметші жоғарылатуға ұсынылған.

Анықтама үшін: жергілікті атқарушы органдарда барлығы – 134,  аумақтық департаменттерде барлығы – 105.

Облыс бойынша атқаратын лауазымына сәйкес емес деп танылып, 62 (1%) адам лауазымынан төмендетуге ұсынылған.

Анықтама үшін: жергілікті атқарушы органдарда – 29, аумақтық департаменттерде – 33.

Құзіреттілігі мен кәсіби деңгейін анықтау нәтижесінде 24 (0,4%) қызметші атқаратын лауазымынан босатуға ұсынылған.

Анықтама үшін: жергілікті атқарушы органдарда – 14, аумақтық департаменттерде – 10.

Брифинг соңында журналистер сұрақтарына нақты жауаптар алды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы