скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің қызметі туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ   2016 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

 

Департаменттің штат саны 57 бірлікті құрайды.

Оның ішінде: 3 басшылық, 5 басқарма басшысы, 44 бас мамандар және 5 жетекші мамандар.

2016 жылдың қорытындысы бойынша келіп түскен құжаттар саны 8070 болса, оның ішінде арыз-шағымдар саны 403 (басшының жеке қабылдауында болғандар 42), Агенттіктен келіп түскен құжаттар саны 447.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Жалпы ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облыста 424-і жергілікті атқарушы және өкілді органдар, 145-і орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, алайда 569 мемлекеттік орган қызмет атқарады.

Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны - 8699, ал нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер саны – 8301.

Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілер саны 7747, негізгі орта білімі барлар 33, орта кәсіптік, орта техникалық, орта білімнен кейінгі білімі барлар 521. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіргендер 27, «Болашақ» бағдарламасының түлектері 14.

Ғылыми дәрежесі бар мемлекеттік қызметшілердің саны 31, оның ішінде ғылым кандидаттары 26, PhD докторы 1, ғылым докторы 4.

Ғылыми атағы бар мемлекеттік қызметшілердің саны - 3, профессор - 1, доцент - 2.

 

Үміткерлерді тестілеу

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін 3527 адам тестілеуге қатысып, 6 адам тестілеу ережесі талаптарын бұзуы салдарынан тоқтатылған, 29 адамның тестілеуі техникалық себептерге байланысты тоқтатылған.

Жалпы тестілеуді аяқтағандар саны – 4857, оның 1903-і (40%) шекті мәннен жоғары баға алса, 2099-ы (60,1%) тестілеуден өтпеген. Жыл басынан жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өткендер саны – 2089-ы құрайды.

 

Конкурстар бойынша

2016 жыл барысында, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға 2951 конкурстар өткізілді. Оның ішінде:

- осы мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс -  1169 (39,6%);

- барлық мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс – 574 (19,4%);

-  жалпы конкурс – 1208 (41%).

Өткізілген конкурстар нәтижесімен 1594 (54%) бос лауазымдар мамандармен жасақталған. Конкурстар нәтижесінде бос күйінде қалған лауазымдар саны – 1357(46%). Байқаушылар мен сарапшылардың 1434 (90%) конкурстарға қатысты.

 

Тәлімгерлік және тағылымдамадан өту

          2016 жылда 538-мемлекеттік қызметші сынақ мерзімімен тағайындалған. Оның ішінде 267-мемлекеттік қызметші 3 ай сынақ мерзімінен өтті, ал 271 мемлекеттік қызметші  сынақ мерзімінен өтуде.

           2 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі 3 айға ұзартылған. /ОҚО бойынша денсаулық сақтау басқармасының бас мамандары/.                                                                                                 

         Тағылымдамадан өткен  мемлекеттік қызметшілердің саны - 41.

 

Мемлекеттік қызметшілердің қызметі тиімділігін бағалау

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі талаптарына сәйкес, 2016 жылы барлығы - 7322 (3971 –жергілікті атқарушы органдар, 3351-аумақтық органдар)  қызметші бағаланып, оның 600-өте жақсы (250-жергілікті атқарушы органдар, 350- аумақтық органдар), 5628 – тиімді (3435-жергілікті атқарушы органдар, 2193- аумақтық органдар), 1094-қанағаттанарлық (286-жергілікті атқарушы органдар, 808- аумақтық органдар). Қанағаттанарлықсыз баға алған қызметші жоқ.

 

Меритократия қағидатының жүзеге асырылуы

2016 жыл барысында, облыс бойынша 402 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға тағайындалған.

 Оның ішінде, жергілікті атқарушы органдар бойынша
217 мемлекеттік қызметші лауазымында жоғарыласа, аумақтық мемлекеттік органдар бойынша 185 мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға тағайындалған.

 

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту

2016 жылда ОҚО әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында 2777 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курстарын аяқтаса, 530 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалуына байланысты қайта даярлаудан өткен. Осыған орай, 3307 мемлекеттік қызметші оқуды өтті.

 

Кадрлардың таза ауысымдылығы

2016 жылы облыс көлеміндегі мемлекеттік органдар кадрларының таза ауысымдылығы – 397 (4,6%).

Бос мемлекеттік лауазымдар

2016 жылдың соңғыда Оңтүстік Қазақстан облысында 398 бос лауазым болды, оның ішінде, 219 жергілікті атқарушы және өкілді органдарда, 179 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарында.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ

 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетті қалыптастыру бағытында барлығы 43153 адамды қамтыған 531 іс-шара өтті.

 Білім беру сипатындағы шаралар:             

Семинар және лекциялар - 337 (адам саны 19585).

Дөңгелек үстелдер - 78 (адам саны 4001).

Конференция және форум- 14 (адам саны 3488).

Конкурс және флэшмоб– 59 (адам саны 8561).

Спорттық іс-шара – 43 (адам саны 7518).

 

 Ақпараттық сипаттағы шаралар:

Брифинг – 11;

Телесюжет – 175;

Радиобағдарлама – 46;

Департамент бастамасымен түсірілген бейнеролик – 8;

Газет бетінде жарияланған мақала – 188 (Оның ішінде 47 авторлық);

Сайттағы жарияланым – 198;

Ақпараттық стендтер мен плакаттар – 5944;

Аудан/қалалардың орталық көшелерінде ілінген баннер – 73, оның ішінде тақырыптық банерлер -67

      

Құжаттамалық, ұйымдастырушылық жұмыстар:

       Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  - профилактикалық қызмет бойынша бірлескен 33 іс-шара жоспары түзіліп және 24 меморандумға қол қойылып, іскерлік  байланыс орнатылды.

 Ынтымақтастық ашық келісімге 16000 аса адам қол қойды. Оның ішінде «Адалдық алаңы» сайтында  2507 адам тіркелді (118- заңды тұлға, 2389 –жеке тұлға).

2.            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың жүзеге асуы бойынша жалпы 68 мемлекеттік органның қызметінде сыртқы талдау жүргізілді, оның ішінде  1-квазимемлекеттік сектор субьектісі.

Министрліктің тапсырмасына сәйкес – 6, ал, департаменттің  бастамасымен бірлескен бұйрықтың негізінде - 62 мемлекеттік органның қызметіне талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесімен Қағидаға (Қазақстан Республикасы  Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 Жарлығымен   бекітілген     Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларына) сәйкес барлығы 747 заңбұзушылықтар анықталды.

Оның ішінде Агенттіктің  тапсырмасына сәйкес жүргізілген  сыртқы талдау бойынша анықталғаны - 143, Департаменттің өз бастамашылығымен  жүргізілген сыртқы талдау бойынша – 604.

1.        Қағидаға сәйкес анықталған заң бұзушылықтар - персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 97;

2.        Мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша анықталған заңбұзушылықтар- 426;

3.        Бақылау-қадағалау функцялары бойынша16;

4.        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер  бойынша208 кемшіліктер анықталды.

 

3.            2016 жылы ОҚО бойынша барлығы 41 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Оның бесеуі Департаментпен жүргізді ( 2,3,4 тоқсандар және               2016 жылдың қорытындысы бойынша, Агенттіктің тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнесті субисидиялау бойынша), үкіметтік емес мекемелермен – 2 және 34 мекемеде (13 аумақтық органдармен 21 жергілікті атқарушы органдарда) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, олардың барлығына Департамент тарапынан шолу жасалды.

Нәтижесінде: 1) 15 мемлекеттік органға мониторингтің нәтижелері қағидаларға сәйкес келмейтіндігі хабарланып (мониторингті тиімсіз және немқұрайлы түрде жүргізгендігі), ұсыныстар жіберілді (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтерінің тиімділігін арттыру бойынша нақты іс-шаралар қабылдау қажеттілігі туралы). 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША

Оңтүстік Қазақстан облысы жалпы 354 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. 2016 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 22 387 078. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен көрсетілген қызметтердің жалпы саны - 4 686 371.

Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген қызметтердің жалпы саны  - 17 700 707 .

 

ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША

Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер сапасының қоғамдық мониторингін әлеуметтік тапсырыс аясында «Ұшқын» қоғамдық бірлестігі 51 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіп, нәтижесімен қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 93,3 пайызды құрады.

 

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ

     2016 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 10 отырысы өткізіліп, кеңес отырысында 91 мәселе қаралды, соның ішінде:

76 (84%) - тәртіптік іс,

5 (6%) - мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиясының атқарған жұмыстарының қаралу қорытындысы (Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт (2)  аудандары әкімдерінің, Шымкент қаласы әкімінің орынбасарының есептері),

3 (3%) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың бұзылуын алдын-алу бойынша мемлекеттік органдардың жұмыс қорытындысы (Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Г.Е.Мұсабекованың 2016 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі, Сарыағаш, Түлкібас аудандары әкімдерінің есептері),

2 (2%) Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдары Әдеп жөніндегі уәкілінің жұмыс қорытындысы (Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Әліштің есептері),

1 (1%) – Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын қарау (Мақтарал ауданы әкімі аппараты бойынша)

4 (4%) – өзге де сұрақтар (Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Б.Әшірдің 2016 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі, Әдеп жөніндегі кеңестің 2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселесі, Тәртіптік жазаны мерізімінен бұрын алу мәселесі - 2) қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Әдеп кодексі талаптарының сақталуы бойынша 36 (47%), Қазақстан Республикасының мелекеттік қызметі туралы заңнаманың сақталуы бойынша 40 (53%) тәртіптік істер қозғалып, қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңес шешімдерімен тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 49 (65%) ұсыныс жолданып (Әдеп кодексі талаптарының бұзылуы бойынша 28 (57%), мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау деректері бойынша 21 (43%)), 27 (35%) тәртіптік іс тоқтатылды.

Тоқтатылған тәртіптік істердің 19-ы (70%) ұсыныста көрсетілген деректердің өз дәлелін таппауына байланысты, 4-і (15%) ұсыныста көрсетілген теріс қылықтар үшін жауапкершілікке тартылып қойғанына байланысты, 4-і (15%) тәртіптік жазаға тарту мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылған.

Жүргізілген жоспардан тыс тексерулер, олардың қаралу нәтижесі бойынша:

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы тарапынан мемлекеттік органдарда жалпы - 105 тексеру жүргізілген, оның ішінде: ішінара тексеру – 3, жоспардан тыс тексеру – 102.

Әкімшілік істер бойынша:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 99 бабы негізінде барлығы 3 әкімшілік іс қозғалған.

 

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

ОҚО-дағы жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі қызметін облыс әкімінің кеңесшісі А.Алишев 2016 жылдың 11 сәуірінен бастап атқаруда.

Есепті мерзімде мемлекеттік қызметшілер мен жеке тұлғалардан әдеп жөніндегі уәкілге барлығы 104 өтініштер келіп түскен (оның ішінде: қабылдауда болғандар, сымтетікпен хабарласқандар, пошта арқылы келіп түскендер).

Әдеп жөніндегі уәкілмен өткізілген іс-шаралардың саны (семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.) – 97.

Осы уақытқа дейін әдеп жөніндегі уәкіл 108 рет бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан (телевизиялық жарияланымдар, радио сюжеттер және тағы басқалар).

 

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы